Қайрат Келімбетов жаңадан құрылған агенттіктің төрағасы болды

Қайрат Келімбетов жаңадан құрылған агенттіктің төрағасы болды

Мемлекет басшысының жарлығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңадан екі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып, оған стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік статистикалық қызмет салаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен мынадай өкілеттіктері беріледі:

реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін, реформаларды жүзеге асыруға қажетті, сондай-ақ олардың іске асырылу барысын мониторингтеу мен бағалау  бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау кезінде, сондай-ақ оларды келісу, іске асыру барысын мониторингтеу мен бағалау бойынша мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру;

мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісу;

елдің дамуы мен халықаралық ахуалды стратегиялық болжамдау мен  талдау жүргізу;

ведомстволық статистика саласындағы жұмысты  үйлестіру;

орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілсін;

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...