АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

ҚР Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша аудан әкімі м.у.а. Бейсенбай Төребеков ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтің барлығын аралап, аудан тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді.
Кездесу жиындарында Б.Төребеков VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеген Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен көтерген мәселелері туралы тұрғындарды хабардар етіп, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы мемлекетімізде жасалып жатқан реформалары туралы кеңінен айтып өтті.
"Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткені өздеріңізге белгілі. Алдағы бес жылда елімізді қарқынды дамыту үшін сапалы заңнамалық база қалыптастырылатын болады. Осы ретте Президент шағын және орта кәсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс екенін айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, әділ, тұрақты әрі ашық салық жүйесін жетілдіру, елдегі туризмді дамыту, еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыру маңызды екендігіне тоқталды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ол үшін агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлініп жатқан қаражатты тиімді жұмсауға шақырды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы ауыл-аймақтарды кешенді түрде өркендету аса маңызды екеніне айтты" - деді, аудан әкімі м.у.а.
Кездесулерде Бейсенбай Тасболатұлы 2022 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, биыл атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы да кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, өзекті мәселелер және оның шешімдері туралы айтып өтті.
Жиындарда халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Аудан әкімі міндетін атқарушы мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, ең алдымен кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдаулар өткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ