САЙРАМДА «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

САЙРАМДА «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысында «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында Солтүстік өңірлерге «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ 2023 жылдың 19-21 сәуір күндері аралығында өтуі жоспарланған.
Бүгін аталған жоба аясында аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті.
Ауданға Солтүстік өңірлерінен Абай облысының өкілі, Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшы орынбасары А.Нұрлыбек, Павлодар облысының өкілі, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшы орынбасары Г.Байтілесова, Солтүстік Қазақстан облысының өкілі, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұ.Хоршатұлы, Шығыс Қазақстан облысының өкілі, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқырмасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.Уақбаева секілді топ басшылары келді.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай облыстарының жұмыс берушілері облыс өңірінің жұмыссыз азаматтарына бос вакансияларды ұсынды.
Жәрмеңке өткізудің мақсаты - еңбек ұтқырлығын арттыру, көшуге ниетті азаматтарға ұсынылатын материалдық көмектер мен берілетін жеңілдіктер туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Түркістан облысы әкімдігі ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде өңірдің жұмыссыз азаматтарына 4 өңір бойынша 695 мекемеден 3934 бос вакансия ұсынылды. Оның ішінде 1790 мемлекеттік мекемелерден, 2144 жеке меншік нысандағы кәсіпорындардан. Өңірлер бойынша Павлодар облысынан 290 жұмыс беруші 1750, Абай облысынан 184 жұмыс беруші 549, Шығыс Қазақстан облысынан 189 жұмыс беруші 1525, Солтүстік Қазақстан облысынан 32 жұмыс беруші 110 бос жұмыс орындарын ұсынды. Атап айтқанда, мұғалім, дәрігер, инженер, көлік жүргізушісі, экономист, бухгалтер, заңгер, несие менеджері, медбике, тәрбиеші, логопед, ветеринар, слесарь, электрик, техник конструктор, эксковатор машинисті, тракторшы және тағы басқа көптеген мамандықтар бойынша жұмыс орындары бар.
«Қоныс аудару жәрмеңкесінің» ашылу рәсімінде Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Н.Нұрашов, Түркістан облысы мәслихаты депутаты Ағабаев Жаңабай, аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев сияқты басшылар жобаның мақсаты мен халыққа тиімділігі жағынан сөз сөйледі.
Мадияр Мұхтарұлы өз сөзінде:
- Бүгінгі жәрмеңкенің ерекшелігі - қоныс аударушыларға жұмыс орындарына жұмысқа орналасумен қатар мемлекет тарапынан арнайы әлеуметтік пакет ұсынылады: яғни, ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу қамтамасыз етіліп, көшу шығындары өтеп берілмек.
Сонымен қатар, өткізіліп отырған іс-шаралар жұмысқа орналасудың нағыз демократиялық формасы, өйткені мұндай жәрмеңкелер тамыр-таныстыққа жол бермей, жұмыс берушілерге тиісті білімі мен біліктілігі бар мамандарды қабылдауға мүмкіндіктер беруде. Жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындарымыз, әсіресе жастар, жас отбасылар Қазақстанның еңбек күші тапшы өңірлеріне қоныс аудару арқылы жұмысқа орналаса алады. Азаматтарымыздың әлеуметтік тұрмыс жағдайына түрлі қолдаулар қарастырылған, - деген болатын.
Мұнан кейін, басшы әр өңірдің жүргізілген ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен танысты.
Жәрмеңкеге келген жалпы 531 азаматқа өңірлердің топ құрамындағы жұмыспен қамту орталықтары өкілдері, ауыл округі әкімдері мен жұмыс берушілері кеңес беріп, жұмыссыз азаматтар үшін беріліп отырған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.
Аудан тұрғындары ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина, білім, көлік, құрылыс салалары бойынша тапшы болып отырған мамандықтар туралы қызықтырды.
Айта кетелік, өткен жылы ауданнан 74 отбасы еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аударған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ