Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Н.Әбілдаевпен бірге Қарабұлақ ауылдық округіне барып, бір топ тұрғынмен кездесті.
Ауыл тұрғындарынан бөлек, аудан әкімінің орынбасары кездесуге қатысқан "Территория правды" ақпараттық агенттігінің Бас редакторы Жанар Турбалаевнаның тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауабын берді.
Кездесу барысында «Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тазартқыш имараттарын қайта құру» нысаны туралы мән-жайын және осы нысанның сыртқы аумақтарында санитарлық талаптарды сақтау, адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу және қоршаған ортаны қорғау мақсатында мал сою орындарынан шығатын қандарды төгіп, сондай-ақ мал өлекселерін тастауға рұқсат етілмейтіні түсіндірілді. Осыған байланысты, аталған мәселені қадағалау үшін аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аудан әкімдігімен бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.
Жергілікті тұрғындарға шұңқырдың айналасына белгісіз азаматтардың қан төгіп, мал қалдықтарын тастау секілді жасап тұрған әрекеттерін ұялы байланыс арқылы бейнетүсірілімге түсіріп, құзырлы органдарға жолдауға құқылы екендері ескертілді.
Сонымен қатар, тұрғындар қосымша шұңқыр қазу және жолдарды ашу туралы сұраныстары назарға алынып, арнайы техникалардың көмегімен жұмыс жүргізілетіні туралы келісімге келіп, тарқасты.
Айта кетелік, 2016 жылы бойынша конкурс нәтижесімен "ХМСУ Шымкентмелиорация" ЖШС-і анықталып, құны - 791,7 млн.теңгеге келісім шарт жасалған.
2018 жылы нысанның жобалау сметалық құжаттамасында көрсетілген құны 531,8 млн.теңге тұратын тазарту құрылғыларын мердігер мекеме келісімсіз ауыстырған. Келісімшарт бойынша бюджет қаржысының 95%-ы игерілген, ал 2021 жылға 39,6 млн.теңге көлемінде бөлінген қаржы игерілмеген.
«Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тазартқыш имараттарын қайта құру» нысаны 2017 жылы мердігер мекеме «ХМСУ Шымкентмелиорация" ЖШС-і тарапынан басталып, 2019 жылы аяқталған.
Алайда, құрылыс барысында жобаға өзгерістер енуіне байланысты, нысан құрылысының заңдылығын анықтау үшін бүгінгі күнге дейін облыстық экономикалық мамандырылған ауданаралық солтында 7 рет екі жақты тараптан сотта қаралып, құзырлы органдар тарапынан 2 рет іс қозғалып, қысқартылған.
Нақты айтқанда, аталған нысан бойынша тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасында сот процедураларының 2018-2022 жылдары 5 жылға созылуына байланысты, нысан аудандық тұрғын үй-шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне қабылдабаған.
Түркістан облысы сотының ағымдағы жылдың 23 ақпанындағы ұйғарымына сәйкес, мердігер мекемеге ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін нысанда орналасқан құрылғыны іске қосып, нысанды тапсыруға міндеттеді.