Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға жазылған тұрғындардың дені жер, инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелелерді көтеріп, аудан басышсынан шешім жолын сұрады.
Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындары елді мекен аумағындағы көшені жөндеу мәселесін көтерсе, Ақтөбе ауылдық округінен келген тұрғындар жарық, жол, амбулатория мәселелерін қозғады. Өз кезегінде аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша толыққанды зерделеу жұмыстары жүргізілетінін, сонымен қатар түйіткілдерді шешу мақсатында қажетті жұмыс жоспары істеліп, орындалуы бақылауға қойылатынын айтты.
Айта кетейік, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев әр айдың екінші және төртінші аптасының сәрсенбісі күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Азаматтар қабылдауға Келес ауданы әкімі аппаратын келіп немесе 8(700) 325 05 63 телефонына(жұмыс күндері) қоңырау шалу арқылы жазыла алады.