ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ: АШМ БАСШЫСЫ ӨҢІР ФЕРМЕРЛЕРІМЕН НЕ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ: АШМ БАСШЫСЫ ӨҢІР ФЕРМЕРЛЕРІМЕН НЕ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Биыл Түркістан облысының АӨК-ін субсидиялауға 40 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде Қазақсанның Ауыл шаруашылығы министрі айтты. Ербол Қарашөкеев жалпы еліміз бойынша саланы мемлекеттік қолдауға 400 млрд теңге бағытталғанын мәлімдеді. Айта кетейік, министрдің Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде фермерлер оған бүгінгі күні өзекті болып тұрған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Атап айтқанда АШМ басшысы Gosagro.kz субсидиялау жүйесінің жұмысына қатысты келіп түскен барлық шағымдар мен ұсыныстар жедел түрде пысықталып, жойылатынын еске салды. Негізгі салалар бойынша 6 телеграмм-канал құрылып, Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жақында Түркістан облысына барған министрліктің арнайы жұмыс тобы өңірдің фермерлері мен Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлеріне СБМАЖ порталында жұмыс істеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқытты.
«Өңірлегі фермерлердің алқаптарды цифрландыру жылдамдығы мәселесі алаңдатады. «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жауапты қызметкерлерімен жұмыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жақын арада «алқаптардың электрондық картасын» биылғы жылдың соңына дейін уақытша жою туралы бұйрық бекітіледі», - деді Ербол Қарашөкеев.
Жалпы, жүйеде өтінімдерді қабылдау ашылған сәттен бастап, субсидиялау қағидаларына сәйкес ел бойынша жалпы сомасы 160,9 млрд теңгеге 14 016 өтінім берілді. Барлық деректер порталда еркін қолжетімділікте орналастырылған.
Мақта өсірушілердің проблемалық мәселелеріне қатысты, министр мемлекеттің шикі мақтаға баға белгілеу мәселесіне араласуға құқығы жоқ екенін түсіндірді. Сонымен қатар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мақта өңдеу зауыттарының мақта бағасын қалыптастыру бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сөз байласу расталған жағдайда қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылданатын болады.
Өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларына Ғылыми-зерттеу институтының қорытындысы негізінде және АШМ келісімі бойынша жергілікті бюджеттен субсидияланатын басым дақылдардың тізбесін әкімдіктермен айқындау мүмкіндігі бөлігіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ жылыжайлардың проблемалық мәселелері министрліктің ерекше бақылауында тұр. Жылыжай шаруашылықтары тұқымдарға, тыңайтқыштарға және пестицидтерге субсидия алуға құқылы. Сондай-ақ, инвестициялық субсидиялау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығындардың 25% тамшылатып суару жүйелерін құру және кеңейту кезінде 50% өтеу көзделген.
«Субсидиялаудың жаңа қағидалары қабылданғаннан кейін, егер Түркістан облысының әкімдігі жабық топырақтағы көкөністерді басым дақылдар ретінде анықтаса, онда олардың өндірісін субсидиялау мүмкіндігі пайда болады. Жылыжай көкөністерін өндірушілерге нақты қолдау көрсету үшін электр энергиясы мен газ шығындарын субсидиялау тетігі пысықталды», - деп толықтырды министр.
Ұсынылып отырған механизмге сәйкес, субсидия алу үшін фермерлік жылыжайлар жақын арада қабылданатын өндіріс стандарттарына сәйкес келуі керек.
Айта кетейік, Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Ербол Қарашөкеев өңірдің бірнеше шаруа қожалықтарын аралап көрді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ