САРЫАҒАШ: ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЛТАЙ КӨЛГІНОВ АУДАНҒА КЕЛДІ

САРЫАҒАШ: ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЛТАЙ КӨЛГІНОВ АУДАНҒА КЕЛДІ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы жұмыс сапарымен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына келді.
Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов орталық аурухананың бүгінгі жағдайымен танысып, ақ халатты абзал жандармен еркін форматта сұхбаттасты.
Сапар барысында дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік акушерлік пункттерді салу қажеттілігі, санитарлық автокөліктердің жетіспеушілігі, жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің мәртебесін көтеру мәселелері талқыланып, тиісті мекемелердің басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Айта кетсек, биылғы жылы ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көпбейінді аурухана құрамында перинаталдық орталығы бар кешен салу бойынша жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, Қарақалпақ, Жаңатұрмыс және Жонарық елді мекендерінде фельдшерлік акушерлік пункттердің құрылысы жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанай облысындағы бес ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшысы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Бір округке бес...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...