Бүгін, «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында, аудандық мәслихат депутаты Д.Кубеев қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.
Мәселен, А.Серикбаева банкротсваға құжат тапсырған дегенмен өтінімі кері қайтқан. Оған қоса, тұрғылықты мекен-жайында тазалықтың дұрыс сақталмайтынын аталған көпшілікке арналып соғылған тұрғын үй маңында іші сыртында әжетхана қарастырылмағанын айтып,осы мәселенін шешімін табуға көмек берілуін сұранды.
Сонымен қатар, халық қалаулысының қабылдауына келген жалғыз басты ана Т.Буштанова үйінің қоршауы құлап қалғанын айтып, көмек берілуін өтінді.
Қазығұрт ауылының тұрғыны Г.Бейсенова мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аптасына бір рет "Жылы Су" кезексіз түсуіне мүмкіндік қарастырып берілуін, мүгедектерді таситын автокөліктердің қызмет көрсету сапасының нашарлығын айтып шағымданды. Сондай-ақ, Б.Момышұлы көшесінің латоктарын қазу жұмыстары соңына дейін аяқталмағанын айтып өтті.
Қабылдауға келген азаматтардың өтінішін мұқият тыңдаған халық қалаулысы заң аясында кеңес берді. Айтылған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар атқаратынын түсіндірді.