САРЫАҒАШ: ЖҰМЫСШЫ ТОП АУДАНДА БОЛДЫ

САРЫАҒАШ: ЖҰМЫСШЫ ТОП АУДАНДА БОЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Айдарұлы арнайы құрылған жұмысшы топпен біргелікте Жібек жолы ауылдық округіндегі «Жібек жолы» АГТС және Дербісек ауылдық округіндегі «Тоболино» АГТС-не арнайы барып, нысандарды іске қосу мәселесін талқылады. Жұмысшы топ құрамында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистралды газ құбырлары басқармасының басшысы Сәкен Исмайлов, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы бастығының орынбасары Ермек Қалдығұлов, облыстық мәслихат депутаттары Уалихан Рахиев, Алмас Салимов, Қайрат Салыбеков, Жәнібек Сүлейменов болды.
Бүгінгі таңда нысан бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ мамандары тарапынан берілген ескертулер мердігер мекеме тарапынан қалпына келтіріліп, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Нысандардың жағдайын жұмысшы топпен бірге танысқан аудан басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Байгабуловқа, мердігер мекеме басшысы мен инвесторға заң талаптарына сәйкес толыққанды құжаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды және екі апта мерзімнен кейін осы құрамдағы жұмысшы топ қайта жиналып, нысанды іске қосу дайындығы тексерілетінін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ