Бүгін аудан басшысы Арман Айдарұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 21 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар кәсіп ашу мақсатында қаржылай қолдау, жайылым жер, демеушілер тарапынан баспана беру, ағын су, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, мешіттің жерін құжаттандыру, су қоймасын салу, асфальт төсеу, көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу, күл-қоқыс тастайтын алаңдарды қоршау, тұрғын үй кезегі, коммуналдық арендалық жатақханадан пәтер беру және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы қабылдау барысында тұрғындар көтерген сұрақтарға жіті тоқталып, заң аясында нақты жауап берді. Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.