Бүгін аудан әкімі Арман Айдарұлы Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, елді мекендердегі өзекті мәселелер бойынша шешу жолдарын қарастырды.
Атап айтқанда Жаңатұрмыс елді мекенінде ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған дәрігерлік амбулаторияның орналасатын жерінің мәселесін шешу бойынша жер иелерімен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде елді мекен аумағынан 0,40 га жер учаскесі дәрігерлік амбулатория құрылысы үшін берілетін болды.
Айта кетсек, аталған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан соң 1 ауысымда 25 адамды қабылдауға мүмкіндік береді.
Мұнан соң аудан басшысы облыс әкімінің жеке қабылдауында аудан тұрғыны тарапынан айтылған өтініштер бойынша Зортөбе елді мекеніне арнайы барып, өзекті мәселелермен танысты. Мұнда елді мекендегі үй іргелік жерлер мен егістік жерлерге ағын су тапшылығы орын алған. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы тиісті мекеме басшысына «Зортөбе» каналынан елді мекенге келетін су көлемін арттырып, үй іргелік жерлерге ағын суды жеткізу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар елді мекендегі жайылым жер мәселесі де талқыланды. Бүгінгі таңда елді мекенде 40 гектар ортақ мал жайылым жерлері бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы елді мекенге қосымша ортақ мал жайылымға 160 гектар аумақ бекітіп беру жоспарлануда.