Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов кезекті рет аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Тұрғындар түнгі жарықтандыру шамдарын күтіп ұстау, арық арнасын тазалау, кәріз жүйесін жаңарту, елді мекен шекарасын бекіту бойынша құжаттарды заңдастыру, көше бойына науа орнату, орталық базардың маңын реттеп заңсыз құрылысты жою, балық шаруашылығына жер телімін беру мәселесі мен әлеуметтік тұрғын үй алу сынды өтініштерімен жүгінді.
Аудан басшысы тиісті мамандармен бірге әр өтінішке жеке-жеке Заң аясында нақты жауап беріп, қанағаттандыру мақсатында атқарылатын жұмыстар барысымен бөлісті.
Кейбір мәселелер бойынша жауапты орынбасарына нақты ұсыныс дайындап, тиісті органға арнайы хат жолдауды жүктеді.