109 ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

109 ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын заманауи техникалармен жабдықталған байланыс орталық #Ашық әкімдік, #Халықтық әкімдік тұжырымдамаларға сай, іске асқан. Нақтырақ айтқанда, мұнда азаматтар коммуналдық-тұрмыстық мәселелер, білім беру, әкімдік қызметтер бойынша да сұрақтарын қойып, ақпарат алып, арыз-шағымдарын айта алады. Бұл тұрғыда байланыс орталығы - жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайтуға өз септігін тигізеді.
Ел Президенті жүктеп отырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыра отырып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюға да әсерін тигізеді.
«Цифрлық даму орталығы» КММ 6 бөлім, 82 штат бірлігі қаралған. Соның ішінде 109 бөлімінде 21 қызметкер штаттық режимде, 1 қызметкер ақылы қоғамдықпен жұмыс атқаруда.
Анықтама үшін:
2 ауысым бойынша қызметкерлер жұмыс істейді:
- 2 жұмыс күні 11 сағат, 2 демалыс күні 2/2;
- 5 күн жұмыс істейді, 2 күн демалады 5/2;
Орталықтың жұмыс қағидасы:
Орталық «Aikey» ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Орталық 5 бағыт (желі) бойынша жұмыс істейді.
- 1 желі-операторлар;
операторлар 109-орталыққа келіп түскен барлық өтінімдерді қабылдайды және «Aikey» арнайы ақпараттық жүйесіне енгізумен айналысады. Сонымен қатар, тұрғындардан келіп түскен өтініштерге жауап беру мақсатында кері байланысқа шығады.
- 2 бағыт (желі) – инспекторлар;
109 орталықтың инспекторлары тіркелген өтініштерді зерделейді, оларды орындау үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға жібереді, тұрғындардың өтініштеріне жауап алу бойынша толыққанды және уақытылы жұмыс жүргізеді.
- 3 бағыт (желі) – орындаушылар;
орындаушылар-мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың қызметкерлері. Жұмыс жүргізеді, жетелеушілердің келіп түскен өтініштеріне уақытылы жауап береді. Әрбір жауапты қызметкерде "Aikey" ақпараттық жүйесінде пайдаланушының есептік жазбасы ашылады. Ол жеке компьютер немесе "Aikey 109" мобильді қосымшасы арқылы жазбаға кіріп, жауап бере алады.
- 4 бағыт (желі) – талдаушылар;
талдаушылар-орталыққа келіп түскен өтініштер бойынша қайталанатын мекенжай тізілімдері бойынша талдамалық анықтама жасайтын, шешілмеген мәселелер бойынша есеп жасайтын, өңірлер бойынша халықтың әлеуметтік шиеленісін құрайтын топ.
– 5 бағыт (желі) - әдіскерлер.
әдіскерлер-жаңа пайдаланушыларды тіркейді, "Aikey" ақпараттық жүйесіне кірмеген жаңа мекенжайлар жүйенің білім қорын толтырады.
Байланыс орталыққа қазіргі уақытқа дейін 332932 өтінім келіп түскен, оның 332296 өтінім дер кезінде жабылып 99.81% құрап отыр.
2023 жылдың 10 сәуір айына дейін 64451 қоңырау түсіп, 63815 өтінім дер кезінде жабылып, 549 өтінім жұмыс барысында, 88 өтінім мерзімі өткен.
Қоңырау категорияларының 5 түрі бар:
- Консультация – 51758;
- Оқиға (арыз-шағым) – 12477;
- Шағым – 106;
- Алғыс – 96;
- Ұсыныс – 14;
Орталыққа өтініш беру көздері:
109 қысқа нөмеріне қоңырау шалу арқылы;
Whatsapp (+77011313109) желісі;
Instagram (@turkistan_oblysy.109);
Facebook (Байланыс орталығы);
"Aikey" мобильді қосымшасы;
чат бот Telegram @turkobl_109_bot .
Анықтама үшін:
Жиі қойылатын сұрақтар және қолданылатын ақпараттық жүйелер.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша, яғни электр жарығы, ауызсу, газ, қоқыс қалдықтары, ветеринарлық қызмет, көше жарықшамдары, кәріз құдықшалары және жол мәселелері.
Сайлау бойынша ақпарат.
Қазіргі уақытта күніне орта есеппен 700-00 қоңырау қабылданады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ