Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтынын айтты. Сондай-ақ, өзекті мәселелерді шешу жолында жаңа міндеттер қойып, халықпен жақын болып, әлеуметтік желі арқылы олардың сұрақтарына жауап беруді міндеттеді. Бұған қоса, тұрғындармен жылдың төрт тоқсанында кездесу өткізіп, өзекті мәселелердің шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіруді тапсырды. Яғни, ашықтық пен жариялылықты кеңінен насихаттап, жүйелі жұмыс жасау қажеттігін айтты. Аудан аумағында Президент тапсырмасы нақты орындалуда. Сөзіміздің дәлелі, аудан басшысы бірінші тоқсанда 1 қала, 12 ауылдық округінде кездесу өткізді. Араға екі ай салып, бекітілген кестеге сай, екінші тоқсанның он екінші жүздесуі Бірінші Мамыр ауылдық округінде жалғасын тапты.
Бірінші Мамыр Мәдениет үйінде өткен кездесуді аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы Серікбаев жүргізіп, округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жылдың басында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын таныстырды.
Тұрғындардың өтініші негізінде, айтылған мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 2 мәселе өз шешімін табуда, атап айтқанда:
1. Бірінші Мамыр елді мекені Сүгір, Мерей көшелеріндегі жарылып жатқан су құбырлары «Ленгір су» мекемесі арқылы жөнделіп, реттелді. Асфальтқа келген зақым болса «Жарық жол» мекемесі тарапынан реттеледі.
2. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі жайылымға шығатын жолдағы қоршалған шарбақтар толық алынып, жол ашылды.
3. Сүгір көшесінде 2015 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан инвест бағдарламасы бойынша трансформатор ауыстырылған болатын. Биылғы жыл мекеменің осы бағдарламасы аясында босаған трансформаторлардың қуатын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
4. Зағамбар елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 4,98 шақырымды құрайтын көшелердің жол жабындысын орташа жөндеу үшін «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.
5. 2022 жылдың қыркүйек айында Зағамбар елді мекеніндегі жер асты су қорына зерттеу жүргізген геолог мамандар Алматы қаласынан келіп, мердігер «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС, Ұңғыманы қазған мамандар және ауыл тұрғындарының қатысуымен нысан басында техникалық кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысымен ұңғыманы компрессормен тазалау, су сорғысын ауыстыру жұмыстарын жүргізсе су дебеті көбейетіндігі айтылған болатын.
Бұл жұмыстарды мердігер мекеме міндетіне алып, бүгінгі күні екі ұғыманы компрессормен тазалады. Қазіргі кезде істен шыққа екі ЭЦВ-6-10-110 су сорғысын қайта жөндеуден өткізуде. Мердігер мекеме «Ленгір су» мекемесімен бірлесіп, су сорғыларды мамыр айына дейін орнатады. Бұған қоса, жер асты су қорын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге облыстық басқармаға ұсыныс берілді.
6. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы Жасқыран көшесінің 12 бағанасы 420 шақырым электр желісі жаңартылды. Нұрлы жол көшесінің ескірген бағаналары 2024 жылдың инвест бағдарламасына енгізілген.
7. Тағайна елді мекенінде Айбын, Байлық, Береке, Бәйтерек, Бірлік, Ақжол, Ақпейіл, Аққайнар, Сазды және №1,2,3 көшелеріне мердігер «Шаңырақ-21» ЖШС тарапынан 574 бағана 20,7 шақырым электр желісі тартылды. 2023 жылдың шілде айына дейін 6 трансформатор орнатылып, тұрғындар сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Іс-шарадағы қалған 2 сұрақтың құрылыстары 2024 жылы пайдалануға берілетін болады.
1. Бірінші Мамыр елді мекені, Қожабек көшесіндегі ескірген электр бағаналары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде. Аталған мекеменің инвест бағдарламасына сәйкес 2024 жылдың жоспарында бекітілген. Ағымдағы жылы апатты жағдайдағы электр бағаналары ағымдағы жөндеу арқылы жыл соңына дейін ауыстырылып отыратын болады.
2. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша Сергек камераларын орналастыру үшін облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы қаржы қарастыруда. 2023 жылға Алғабас елді мекенінің орталық көшесіне Сергек камерасын қою жоспарда жоқ. 2024-2025 жылға жобаға енгізілетін болады.
Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Кемелов сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс беріп, елмен етене араласа білген үміткерлер халық сайлаған өкіл атанғанын айтты. Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артқанын, сондықтан депутаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде белсенді жұмыс істейтіндіктерін жеткізді. Әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беру арқылы ел мүддесі үшін қызмет ету қажеттігін айтты.
Кездесу барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Әуезханұлы халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.