РЕСПУБЛИКАҒА ТАНЫМАЛ 100 МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНА ЕНГЕН МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ

РЕСПУБЛИКАҒА ТАНЫМАЛ 100 МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНА ЕНГЕН МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты "Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп - гимназиясы" 2022-2023 оқу жылында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Білім беру жүйесі дамуының жаңа міндеттеріне сәйкес, цифрландыру заманындағы мұғалім тәжірбиесіндегі интербелсенді әдістерін жетілдіру және білім берудің онлайн ресурстары бойынша ақпаратты кең таратып, ұстаздардың еңбегін еселеп, шығармашылық талғамын, білімділік қуатын бағамдау мақсатында өткізілген облыстық «Үздік интербелсенді сабақ-2023» байқауында аталған мектептің ағылшын тілі мұғалімі Қалжанова Айгүл жүлделі III орынды иеленсе, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарабалаева Тамара I орын иеленіп, жеңімпаз атанды.
Мектебіміздің жас мамандары – ағылшын тілі мұғалімі Д.Арашбаева мен мектепалды даярлық тобы мұғалімі А.Бақыт жас мамандар арасында өткізілген "Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз" атты жас мұғалімдердің VI Республикалық байқауының аудандық кезеңінде жүлделі І орынды иеленіп, Түркістан облыстық байқауына жолдама алды.
Байқау нәтижесінде Арашбаева Динара облыстық кезеңде жүлделі ІІІ орынға ие болса, Бақыт Айжамал «Креативті педагог» номинациясына ие болды. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Назарбекова Ангела Облыстық "Поэзия әлемі" атты мұғалімдер арасында өткізілген ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңінде үздік еңбегімен көзге түсіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Мұғалімдер арасында өткізілген пән олимпиадаларының аудандық кезеңіне мектебіміздің ұстаздары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ, тарих пәні мұғалімі С.Құлжанов I орын, география пәні мұғалімі Р.Бейсенова мен физика пәні мұғалімі Г.Авхунбаева II орынды жеңіп алса, биология пәні мұғалімі С.Абдуова Алғыс хатпен марапатталды. Пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында озық идеясы және шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп, жүлделі III орынды Құлжанов Сапарғали қанжығасына байлады.
Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Үздік педагог» куәлігімен физика пәні мұғалімі Набатов Раим Кенжебекович марапатталды.
Мұғалімдер арасында өткен «Robocon-2023» робототехника чемпионаты «RoboTur» ІІІ аудандық іріктеу кезеңінде математика пәні мұғалімі Сейдулла Исабек пен информатика пәні мұғалімі Байдулла Азамат І-орын иеленсе, Түркістан облыстық кезеңінде де жеңісті қолдан бермей, І- орын иегері атанды. Информатика пәні бойынша «Robocon» пән олимпиадасында информатика пәні мұғалімдері – Чалабаева Жанагул, Өтепбергенов Бахытжан мен Шохан Досхан Алғыс хатпен марапатталды.
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінде Сариева Сарсенкул Жаканшаевна мен Бейсенова Райхан Арыстановна ІІІ-орынға ие болды.
«Заманауи білім беру жүйесінде Қадыр мұрасы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясында бастауыш сынып мұғалімі Уалиева Гулвира баяндама оқып, арнайы дипломмен марапатталды.
МАДС «Үздік педагог» және МАДС «Пед идея» байқауларының аудандық кезеңінде мектебіміздің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Айбекова Гаухар ІІІ-орын иеленді.
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының аудандық іріктеу кезеңіне оқушыларды дайындағаны үшін көркем еңбек пән мұғалімдері – Қайырбекова Жанар мен Колеватова Антонина Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
25 қазан - Республика күніне орай ұйымдастылған «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты аудандық көрме байқауында көркем еңбек пәні мұғалімі Жанаев Умирзак ІІІ орынды жеңіп алды.
Қазақ жастары ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Осы мақсаттың үдесінен шығу жолында тер төгіп келе жатқан қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің еңбегін ерекше атап өтуге тұрарлық.
«Поэзия әлемі» байқауының аудандық кезеңінде М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін..» мақала жазу байқауында Усербаева Алма ІІ-орын иегері атанды.
«Алаш ардақтылары- ұлт мақтанышы» атты эссе жазу байқауында Егембердиева Бактыгуль ІІ-орын иеленді.
«ІІ Ыбырай жазулары» байқауының аудандық кезеңінде Мамышова Айжан І-орынға ие болды.
«ІІ Ыбырай жазулары» байқауының облыстық кезеңінде бақ сынаған Мамышова Айжан ІІ-орынды жеңіп алды.
14-16 жас аралығындағы жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқитын жастар арасындағы «Шахмат» байқауының облыстық кезеңіне оқушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін дене шынықтыру пән мұғалімдері – Ахметов Данияр мен Каримов Бағлан Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан. Сондықтан білікті де білімді, шәкірт жүрегіне нұр сәулесін шашатын ұстаздарымыз көп болғай!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...