ШЫМКЕНТ: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ОҚУШЫЛАРҒА САБАҚ ӨТКІЗДІ

ШЫМКЕНТ: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ОҚУШЫЛАРҒА САБАҚ ӨТКІЗДІ

Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы №6 мектепте оқушылармен кездесу өтті.
Іс-шарада Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесі инспекторы полиция майоры Инна Демина балаларға құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың алдын алу, темекі оның ішінде электронды шылым, есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар және сабаққа кешігу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түнгі уақытта яғни сағат 22:00-ден кейін ойынхана мен кафе, кинотеатр мекемелерде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері туралы ескертті. Тәлім мен тәртіптің маңыздылығын кеңінен талқыланып, қылмыс пен құқықбұзушылықтар үшін қарастырылғанын жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке толмағандарғажыныстық, эмоционалды және физиологиялық зорлық-зомбылық көрсетулері проблемаға айналып отыр.
Зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою жолындағы айтарлықтай кедергі болып «зорлық-зомбылық» ұғымын түсіну аясының тарлығы табылады, аталмыш ұғым көбінесе тек дене жазалауына ғана қатысты қолданылады. Зорлық-зомбылыққа қорқытуды, психологиялық қысым көрсетуді немесе тіл тигізуді жатқызу таңсық жайт. ЮНИСЕФ қоғамда «зорлық-зомбылық» ұғымын дұрыс түсінуді, оның жағымсыз салдарынан хабардар болуды, оның барлық түрін барлық деңгейлерде қабылдамауды және күресуді, сондай-ақ, бала тәрбиесі мәдениетінен зорлықпен тәрбиелеудің кез-келген түрін жоюды өз мақсаты деп біледі.
Кездесу аясында полиция майоры И.Демина қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Жиынға қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...