ICILS – бұл әлемдегі 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейін бағалайтын алғашқы зерттеу.
Түлкібас ауданы, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушыларына ағымдағы жылдың 19 сәуір күні ICILS зерттеуі толығымен компьютерлік форматта жүргізілді. Зерттеу шеңберінде оқушылардың компьютерді пайдалануды түсіну принциптерін, ақпарат жинау, ақпараттық өнім және сандық коммуникация құру деңгейі бағаланды.
ICILS тапсырмалары 5 тақырып аясында құрылған, олардың әрқайсысы академиялық, әлеуметтік немесе экологиялық контекстте әртүрлі аспектілерді қарастырды.
ICILS-2023 халықаралық зерттеуінің кезекті цикліне қатысушыларға сәттілік тілейміз!