СОЗАҚ: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

СОЗАҚ: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жеке мәселесімен қабылдады.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, бірқатар ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Аудан басшысының қабылдауына ауыл, кент округтерден 15 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Жеке қабылдауға келгендердің біразы тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінсе, біршама азаматтар жұмыс және әлеуметтік мәселелерін алға тартты. Қабылдау барысында әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап беріліп, тиісті сала мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік мәселе бойынша жүгінген тұрғындарға көмек беру үшін бар мүмкіндікті пайдаланатынын жеткізді. Бұл жөнінде жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар жүктеп, орындалу барысын бақылауда ұстайтынын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ