АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаилов ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында, Қазығұрт ауыл округінде халықпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, қоқыс полигондары және жер мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2019 жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы...