Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын ұстан» тақырыбы аясында Отырар колледжінің жастары арасында кездесу өтті.
Бұндай кездесулердің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды спортқа баулу блып табылады.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Карбеков Бауыржан және Нарколог Садыкова Майра қатысты.
Шара барысында полиция майоры студенттерге нашақорлықтың зияны, оның адамға әкелер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқтала кетті. Сондай-ақ сала мамандары жастарды есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді.
Жиын соңында қала жастары спикерлерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, нашақорлықтан арылту орталықтары, ол үшін қолданылатын заң жобалары жайында ақпаратқа қанық болды.
Мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады.
Жалпы АИТВ/ЖИТС вирусы жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады.
ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
-жыныстық қатынас;
-вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
-анасынан нәрестеге жұғу арқылы.