ТҮРКІСТАН: БІР ЖЫЛДА ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР 90 МЫҢНАН АСТЫ

ТҮРКІСТАН: БІР ЖЫЛДА ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР 90 МЫҢНАН АСТЫ

Түркістан қаласы әкімдігінің Халықтық кеңсесі 2020 жылдың 13-қаңтарына бастап жұмыс жасап келеді.
«Халықтық кеңсе» мамандары Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдермен:
- Жер қатынастары;
- Сәулет және қала құрылысы;
- Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы;
- Бизнесті қолдау және туризм бөлімі;
- Спортты дамыту бөлімі;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
- Жұмыспен қамту орталығының мамандары көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрлері /42 қызмет/ бойынша кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсетеді.
Халықтық кеңсенің «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмысын жандандыру қолға алынды. Қазіргі таңда кеңсенің 6 компьютермен жабдықталған «өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышында операторлар күнделікті халықтың сұранысы көп «е-gov» электрондық үкімет порталындағы қызметтерді алуға мүмкіндік жасайды.
Күнделікті қызмет алушылар саны орта есеппен 300-350 адамды құрайды.
Өткен жылы Халықтық кеңсеге келіп, түрлі қызмет алушылардың саны - 90728 азаматқа жетті. Қала әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан 4157 өтініш тіркелді.
Сондай-ақ, халықтық кеңсе арқылы қала әкіміне және әкім орынбасарларына жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауға тіркеу және қабылдау үйлестіріледі.
2022 жылдың қорытындымен қала әкімі - 31 рет, орынбасарлары 61 рет жеке қабылдау өткізді.
Бұған қоса, 2022 жылдың мамыр айынан бастап«e-Natizhe» пилоттық жобасының аясында Халықтық кеңсеге /Фронт-офисіне/ Азаматтарға арналған үкімет "МК "КЕАҚ –нің 3 маманы орналастырылды, яғни тұрғындарға ХҚКО-ның ИСС Цон базасымен қызмет алу мүмкіндігі жасалды.
Жалпы халықтық кеңсенің жұмысын жүргізу Қала әкімін аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және мемлекетітк қызмет көрсету бөліміне жүктелген.
Халықтық кеңсе аумақтық мамандандырылған мекемелер /департаменттердің/ мен жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен тұрғындар үшін арнайы қоғамдық қабылдаулар өткізіп отырады. Сондай-ақ, Әділет департаментінің қатысуымен заңгерлердің де қоғамдық қабылдауын тұрақты ұйымдастырып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ