Магистральды көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Қазір арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштар мен жасыл желектерді зиянкестерден, күннен қорғау үшін әктеуге кірісті. Жауын- шашын салдарынан су алу қауіпі бар аумақтар да қатаң бақылауға алынды.
Қаладағы 443 магистральды көшенің тазалығына 5 мердігер мекеме бекітілген. Орталық көшелерді тазалау жұмыстарына күн сайын 1500-ге жуық жұмысшы, 100-ден аса техника жұмылдырылуда.
Еске салар болсақ, «Наурыз –тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі» кешенді іс шарасы аясында ұйымдастырылған сенбілікке 1 мыңнан астам тұрғын қатысып, қала тазалығына атсалысқан болатын.
Олардың арасында қаладағы 37 мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, студент жастар бар. Көпқабатты үйлердің тұрғындары да бүгін аулаларын тазартып, тал-дарақтарды әктеп, қаланы көріктендіруге үлес қосты.
Жалпықалалық сенбілікке қатысқан көпшілік аумақтарды абаттандырып, саябақтар мен гүлзарларды, тратуарларды қоқыстан тазартты. Жұмылдырылған 80 техниканың көмегімен барлығы 200 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды.
Сондай-ақ ішкі орам көшелер мен қоғамдық орындарда, көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторларда тазалық жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.
11 апр. 2023 в 16:39 @tabigat_basqarmasy, https://t.me/shymkentgov/522.
Сондай-ақ, Туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына көрсетілген телефон нөмірлері 8 (7252) 24-75-07, 8701 333 40 15 (WhatsApp) және instagram – gask.shym. Facebook – ГАСК Шымкент әлеуметтік желілері арқылы жауап алуға болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің ситуатциялық "i-Shymkent" орталығы бірыңғай тегін 109 нөмірі арқылы және арнайы әлеуметтік желілер көмегімен қала тұрғындарына 24/7 тәртібінде қызмет көрсетеді.
"i-Shymkent" орталығына төмендегі байланыс арналары арқылы өтініш қалдыра аласыздар:
1. Қалалық және мобильді операторлардан 109 бірыңғай номеріне тегін қоңырау шалу;
2. What’s App: +7 7777 109 109;
3. Instagram: @ishymkent109
4. Facebook: @IKomek Shymkent
5. Telegram-bot: @shymkentonlinekz_bot.