АБАЙ АУДАНЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

АБАЙ АУДАНЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл Абай ауданындағы Асар-2, Қайнарбұлақ /1-2 кезең/, Бозарық /74 га/ Нұршуақ елдімекендері табиғи газға қосылады.
Қазір халық саны 11 мыңнан астам Асар-2 шағынауданын газдандыру жұмыстары 70% аяқталды. Ұзындығы 24,1 шақырым газ құбырының құрылысы толық аяқталғанда мыңнан астам абонент көгілдір отынға қосылады.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және елдімекендерді газдандыру мәселелері қаралды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов аймақтарды газдандыру барысы туралы баяндама жасады. Министр «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-3-ші кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыруды ұсынды. Премьер-Министр аталған ұсыныстар бойынша түпкілікті шешімді 1 мамырға дейін қабылдауды тапсырды.
Мегаполистің даму жоспарына сәйкес былтыр елдімекендерді газдандыру мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаладағы 81 елдімекеннің 31-і жартылай газбен қамтылған. Сондай-ақ 2 магистралды желі мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Жоспарға сәйкес 8 нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз газдандырылады.
Бүгінде Тұран елді мекеніндерінің 14-і көгілдір отынмен қамтылған. Былтырғы жылдың соңында Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту бойынша құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазір сынама жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады.
Көгілдір отынмен жартылай қамтылған Құрсай және Жаңаталап елді мекендерінде бүгінде жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2025 жылға дейін аудан тұрғындары толық табиғи газ көзіне қосылады.
Сонымен қатар, Ынтымақ-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме анықталды. Жоспарға сәйкес 2024 жылы қамту көрсеткіші ауданда 100 пайызға жетеді.
@energetika_shymkent

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ