ШЫМКЕНТТІК ТӘРТІП САҚШЫЛАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ШЫМКЕНТТІК ТӘРТІП САҚШЫЛАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінде қоғамның жиі талқыға түсетін тақырыптарының біріне айналуда. Осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда.
Осы тұста Еңбекші аудандық Полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Төребай Әсел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «Алатау» базарына арнайы барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 2500 іс сотта қаралды. Енді өзіңіз салыстырмалы түрде қарап отырсаңыз 5000 істің 2500 сотта қаралды деген тең жартысы. Алдыңғы жылдармен салыстырсақ дәл сондай статистика сақталып келеді. Себебі қорғау нұсқамасын біз шақыртуға барғанда міндетті түрде шығарамыз. Қауіптің барлығы әйелдің көзінен көрініп тұрады. Ары қарай шағымданбай біз өзіміз татуласамыз деп жатса немесе әкімшілік іс қозғайтындай негіз болмаса онда хаттама толтырылмайды. Материал сотқа жіберілмейді. Бірақ жәбірленушінің құқықтары мен бостандықтарын денсаулығын қорғау мақсатында қорғау нұсқамасы шығарылады. Көбінесе әйел адамдар ұрған күйеулеріне жандары ашиды. Бұл жерде әйел адам кеңірек ойлайды. Отбасындағы тыныштықты, өзінің отағасын ойлап арыз жазбайтындар да болады.
Сондай-ақ, полицейлер тарапынан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ