ШЫМКЕНТ: ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

ШЫМКЕНТ: ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Елімізде болып жатқан саяси жаңғырулар енді экономикалық өзгерістерге ұласпақ. Президентіміз өз Жолдауында экономикалық дамдуың нақты бес бағдарын айқындап, дамудың даңғыл жолын көрсетті. Жолдауда ««Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деп айтып өткен болатын.
Тұран ауданында қала көркін қашыратын қолданыстағы қоқыс жәшіктерін жаңарту жұмыстары басталды. Бүгін жоспар бойынша бұл жұмыстар Қонаев даңғылы мен Байтұрсынов көшесінде жүргізілді.
Алдағы күндері Асқаров, Момышұлы, Мангельдин көшелеріне мен Республика, Рысқұлов даңғылдарына, Темірлан тас жолы бойына заманауи талапқа сай 300 жаңа қоқыс жәшігі орнатылатын болады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында магистральді көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Қазіргі таңда арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштар мен жасыл желектерді зиянкестерден, күннен қорғау үшін әктеуге кірісті. Сондай-ақ, ауын- шашын салдарынан су алу қауіпі бар аумақтар да қатаң бақылауға алынды. Қаладағы 443 магистральды көшенің тазалығына 5 мердігер мекеме бекітілген. Орталық көшелерді тазалау жұмыстарына күн сайын 1500-ге жуық жұмысшы, 100-ден аса техника жұмылдырылуда. Сонымен қатар, ішкі орам көшелер мен қоғамдық орындарда, көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторларда тазалық жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Еңбекші ауданы аймағындағы Тәуке хан даңғылы мен Елшібек батыр, Ж.Аймауытов көшелерінің бойына кіші қоқыс жәшіктері орнатылған болатын. Сонымен қатар, қала қонақтары мен тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында орындықтар да қойылды. Қойылған орындықтар мен қоқыс жәшіктеріне қаланың логатипі мен Еңбекші ауданының аты жазылып, сәнделген. Шымкенттіктердің игілігіне арналып жасалған осындай арнайы заттарды ұқыпты пайдалану да маңызды. Алдағы уақытта қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, қаланың басқа да орталық көшелеріне кезең-кезеңмен орындықтар мен кіші қоқыс жәшіктері орнатылатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ