ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕГІ ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕГІ ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкентке жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қаладағы бірқатар медицина ұйымдарын аралап, жұмыстарымен танысты.
Алдымен қалалық онкологиялық орталығында ашылған ядролық орталығында болды. Заманауи технологиялық аппараттар қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтап, науқастарға шұғыл, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Соңғы 4 жылда онкологиялық орталықта 2 мыңға жуық науқасқа түрлі деңгейдегі эндоваскулярлы оталар жасалынды. Кіші инвазивті операциялардың науқас өмірін сақтауда маңызы зор.
Ядролық медицина орталығында жоғары технологиялық медицина қызметін көрсететін аппараттар орнатылған.
“Varian Halcyon” -қондырғысы арқылы науқастарға сәулелік терапия емі жүргізіледі. Мұндай құрылғы Өзбекстан, Тәджікістан, Қырғыстан сынды елдерде жоқтың қасы. Орта Азияда теңдесі жоқ құрылғы Қазақстанда алғаш рет Шымкент қаласындағы онкологиялық орталыққа орнатылды.
Айта кетейік, ПЭТ/КТ - бұл компьютерлік томографиямен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томография. Басқаша айтқанда, глюкоза негізінде радиофармпрепараттардың көмегімен онкологиялық аурулар мен бас миының ауруларына дәл диагностика жасауға мүмкіндік беретін аппарат.
Қатерлі ісіктің бастапқы пайда болу сатысын анықтауға және патологиялық процессті басқа әдістерге қарағанда ертерек білуге септігін тигізетін соны жабдық. Дәрігерлер заманауи құрылғының көмегімен обыр ауруларының ошағын дәл тауып, пациенттердің емдік шараларын дер кезінде бастауға мүмкіндігіміз көбеймек деп қуанды.
Ал қала басшысы ядролық медициналық кластер үшінші мегаполистің медициналық туризмін жетілдіретін бірден-бір тетік екенін айтып өтті.
Күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай жаңғыртылған N2 қалалық ауруханасында болған Тимур Сламжанұлы қабылдау бөлімі, сәулелі диагностика, ангиография кабинеті мен инсульт бөлімшесінің жұмыстарын тексерді. Ауруханадағы КТ кабинеттері мен жансақтау бөлімдері соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған.
Сондай-ақ вице-министр бастаған делегация 500 орындық N1 қалалық емханасындағы тіркеу орнын, егу, күндізгі стационар мен процедуралық кабинеттерді аралап, жергілікті дәрігерлермен пікір алмасты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ