ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қыс мезгілінде уақытша тоқтатылған ауызсу бұрқақтары қайта қосылды. Әл-Фараби ауданы аумағында мұндай субұрқақтар 9 орында орналасқан:
1. Қонаев-Іляев қиылысы;
2. Арбат демалыс саябағы;
3. Түркістан көшесі №55;
4. Әл-Фараби алаңы;
5. «Моцарелло» мейрамханасының алды;
6. «Чернобыль» гүлзары;
7. «Цум» сауда үйінің алды;
8. №8 мектептің алды;
9. Тыныбаев №49.
Еске салар болсақ, Әл-Фараби ауданында жаңа субұрқақтар «Цум» сауда орталығы алдында, Байтұрсынов көшесіндегі саябақта, №8 мектептің алдында, Әл-Фараби алаңы, Чернобыль саябағында, Тыныбаев және Дулати көшелері қиылысында қойылды. Әл-Фараби ауданы аумағында адам көп шоғырланған жерлерде жалпы саны 11 субұрқақ жұмыс істеуде.
Осы орайда, қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық!
Шымкент қаласындағы 5 орында орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын. Орнатылған бұрқақ қала тұрғындары қатарынан жылы қабылданды.
Аптап ыстықта су бұрқақтарынан кез-келгеніміз шөл баса аламыз. Сондықтан да қала тұрғындары мен қонақтарынан ауызсу бұрқақтарын ластамай, тиісті санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз. Сүйікті қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық!
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы аумағында көгалдандыру, күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Қонаев, Бәйдібек би даңғылдарында және орталық көшелерде шөп орылып, газондар суғарылуда. Аудандағы басты көшелердің бойындағы ағаштарды пішімді түрде кесу және санитарлық қырқу, жасыл екпелерді суғару жұмыстары атқарылып отыр. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының күнделікті қадағалауына алынған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ