Бүгінде 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ елдімекеніне бір мезетте бірнеше инфрақұрылым жүйесі тартылуда. Тұрғындар биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Маусым айынан бастап 70 шақырымдық электр жүйесінен 3 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатына қосыла бастайды. Қазірдің өзінде жарықтандыру жұмыстары 95 пайызға аяқталған.
Жыл соңына дейін елдімекенге ауыз су құбырлары тартылып, жергілікті тұрғындар сапалы тіршілік нәріне қол жеткізеді. Сондай-ақ көшелерге табиғи газ құбырлары жүргізілуде. Нысан келесі жылға өтпелі.
2023 жылы 3 елді мекенге яғни Асар-2, Қайнарбұлақ т.а Нұршуақ мөлтек ауданына табиғи газ беріледі. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. 2024 жылы аудан бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және елдімекендерді газдандыру мәселелері қаралды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов аймақтарды газдандыру барысы туралы баяндама жасады. Министр «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-3-ші кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыруды ұсынды. Премьер-Министр аталған ұсыныстар бойынша түпкілікті шешімді 1 мамырға дейін қабылдауды тапсырды.
Мегаполистің даму жоспарына сәйкес былтыр елдімекендерді газдандыру мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаладағы 81 елдімекеннің 31-і жартылай газбен қамтылған. Сондай-ақ 2 магистралды желі мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Жоспарға сәйкес 8 нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз газдандырылады.