Тұран ауданы аумағындағы айналма жолдардың жиегі көпжылдық гүлдермен көмкерілуде. Сальвияның- 6 000, цинерарияның - 2500, остеоспермумның - 1500, шафранның - 6000 данасы белгіленген аумақтарға отырғызылуда.
Алдағы уақытта арнайы орындарға жалпы саны 550 мың түп көпжылдық және біржылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда. Көріктендіру шараларына жұмысшылар мен техникалар жұмылдырылып, агрономдар мен дизайнерлер атсалысуда.
Сондай-ақ, биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар. Өз кезегінде бұл гүлдер қала сәнін одан сайын кіргізері анық. Айта кетейік, Шымкент қаласында өткен жылдың қазан айында бастау алған «Менің гүлді аулам» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Биыл Еңбекші ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында І-кезеңмен 52 көпқабатты үйдің 36 ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ойын алаңшасына жұмсақ төсеніш төселіп, балалар ойын, тренажер алаңшасының элементтері орнатылуда.
Сонымен қатар, ІІ-кезеңмен 21 көпқабатты үйдің 11 ауласы абаттандырылып, 4 ашық спорт алаңша құрылып, 5 спорт алаңша қайта жөндеуден өтеді. Бүгінде мердігер мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары өтуде.
Аталған байқауға жалпы қала бойынша 100-ге жуық көпқабатты үй өтінім тастап, арнайы құрылған комиссия мүшелері әр ауланы аралап, тұрғындармен кездесіп, критерийлерге сәйкес бағасын берді. Енді сәуір айының соңына дейін жеңімпаздарды марапаттау шарасы қалалық фестиваль форматында ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар, қаланың туристік мүмкіндіктерін жарнамалау мақсатында өңірдің туристік нысандары мен гастрономиясы туралы интерактивті альбом дайындалуда. Альбомға туристердің арасында танымал 20 нысан мен ұлттық тағамдар туралы 3 тілде ақпарат берілетін болады.