ҚАЛА ӘКІМІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУГЕ ОН КҮН УАҚЫТ БЕРДІ

ҚАЛА ӘКІМІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУГЕ ОН КҮН УАҚЫТ БЕРДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран-2 шағынауданында болып, жауаптылармен бірге елдімекеннің даму жоспарын пысықтады.
Шағынауданда бой көтерген 88 тұрғын үйдің 70-і пайдалануға берілген. Қазір 18 үйдің ішкі әрлеу және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар нысандарға инженерлік-инфрақұрылым жүйелер тартылып, жолдар салынуда.
Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларымен, құрылысқа жұмылдырылған мердігермен кездесіп, жұмыс барысындағы өзекті мәселелерді талқылады. Қала әкімі жауаптыларға құрылыстың сапалы жүргізіліп, мерзімінде аяқталуын бақылауға алуды тапсырды.
«Он күн ішінде тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, орын алған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру қажет.
Барлықтарыңызды жауапкершілік таныта отырып, жылдам, тиянақты жұмыс істеуге шақырамын», - деді қала әкімі.
Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.
Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.
Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды
инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы қарастырылды. Мұрат Дүйсенбекұлы жоспарланған мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды.
“Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар. Мектепке қатынайтын қосымша маршруттар бекітіңіздер. Білім ғимараттары түгелдей жылдам интернетпен қамтылуы тиіс” - деді қала әкімі.
Бүгінде Абай ауданы бойынша мектептер саны – 29, жеке меншік 16 мектеп бар. Ал білім ордасына тапшылық -7 болса, мектеп жоқ 2 елді мекен бар. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ