ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН 1500 БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН 1500 БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛАДЫ

Цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында 2023 жылы 1500 дана бейнекамералар орнату көзделген. Сондықтан ҚР Президенті Қ.Тоқаев тапсырмасына сәйкес «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы аясында биылғы жоспар бойынша арнайы қаражат бөлініп, мемлекеттік тапсырыс арқылы жеңімпаздар анықталуда.
Сондай-ақ, бұған дейін «Қауіпсіз қала» жобасы бойынша орнатылған бейнекамералардың арқасында мегаполисте қылмыс деңгейі әлдеқайда төмендеген. Бейнекамераларға байланысты Шаһар басшысы қаладағы тәртіптің тұрақты болуына аса мән беру керектігін қадап айтқан болатын.
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы деректерді өңдеуге, әр¬түрлі ситуацияда тиімді жұмыстарды ұйым¬дастыруға мүмкіндік береді. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа, бұл жоба мегапоистің тыныс-тіршілігіне талдау жүргізуді оңайлатып автоматтандырады. Сондай-ақ жо¬баны іске асыру қала тұрғындары¬ның өмір сүру сапасын арттырады, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кетейік, биылғы орнатылатын бір жарым мың камераның 500-і жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, 2024 жылға 2000 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімінің жіті бақылауындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте 2020 жылы 3 153, ал 2021 жылы 3 177 бейнебақылау камерасы орнатылған болатын.
Сонымен бірге, халық тығыз орналасқан шағын аудандарда заманауи 9 мобильді полиция бекетін орнату жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылдың 5 айында жалпы қылмыстардың саны 19,4 пайызға азайған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...