Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 24 сәуірінде «STEAM технологиясы бағытына баулу арқылы білім алушаларды тұлғалық тәрбиелеу» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының IT мамандарына арналған қалалық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: Оқытудың интеграцияланған және пәнаралық тәсілін (STEAM-ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) енгізуге бағытталған STEAM технологиясын қолдану дағдыларын жетілдіру. Заманауи сабақтарды әзірлеу кезінде цифрлық құзіреттіліктерін дамыту.
Орталық әдіскерлері Динара Құралбаева мен Ақерке Исаеваның ұйымдастыруымен өткен семинар барысында бірнеше колледж оқытушылары өздері жасаған құнды тәжірибелерімен бөлісіп, кері байланыс жасау арқылы сұрақ-жауап алынды. Сонымен қатар, қатысушылардың инновациялық-технологиялық білім беру құзіретіне тәжірибе қосылып, алған тәжірибелерін өз сабақтарында қолдануды үйренді.
Аталған шараға Білім басқармасына қарасты барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.
Семинар соңында қатысушылар іс-шара аясында қозғалған өзекті мәселелер мен озық тәжірибелер жөнінде пікір алмасты.
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаевтың айтуынша, кадр сапасы мен педагог мәртебесін арттыру бойынша кешенді жұмыстар жалғасуда. Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті.
«Министрліктің басым міндеттерінің бірі білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде. Толыққанды зерттей отырып, жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жөніндегі қағидаларды әзірлеу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қазір педагогикалық жоғары оқу орындарының Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және Білім басқармаларымен өзара іс-қимылын күшейту өте маңызды», – деген болатын Ғани Бейсембаев.