Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы ерекше балаларға арналған жобаны қолға алды. Жоба аясында бүгін 700-ге жуық баланың тісіне түрлі ем шаралар жасалды. Соңғы үлгіде жабдықталған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар, ауыз қуысына диагностикалық тексерулер жүргізіліп, емдеу шаралары тағайындалды.
Алдыңғы жылы Шымкентте ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылған болатын.
Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.
Асардағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте ақ халаттылар науқастарды тегін қабылдайды. Бұл үшін жергілікті емханадан пациенттің жолдамасы қажет.
Стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар ауыз қуысына диагностикалық тексеру жүргізіліп, бір жерден ем-дом тағайындалады.
Кабинет рентген, наркоз аппараты сынды қажетті жабдықтармен қамтылған.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 337 мүмкіндігі шектеулі азамат (2021 ж. – 36 537) тіркелген, оның ішінде:
- бірінші топтағы мүгедектер – 3 441 (2021 ж. – 3372);
- екінші топтағы мүгедектер – 14 717 (2021 ж. – 14 556);
- үшінші топтағы мүгедектер – 12 335 (2021 ж. – 12 191);
- 18 жасқа дейінгі 6 844 мүгедек балалар (2021 ж. – 6418) тіркелген.
Дәрігерлер церебральды сал ауруы, аутизм сырқаттарға шалдыққан балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.
Стоматалогиялық кабинет дәрігерлері пациенттерді жергілікті емханалардың жолдамасы арқылы қабылдайды.
Соңғы жылдары қалада туу көрсеткіші жоғарылап, аяғы ауыр келіншектер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажы 73%-дан 100%-ға өсті. Дерекке сәйкес, шетінеген нәрестелер саны да жоспарлы индикаторға әсер етуде. Дегенмен болжам шегінде.