Волейболдан әйелдер арасында Шымкент қаласының құрамасы жоғары лига бойынша ел чемпионы атанды. Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өз мәресіне жетті.
Сайыста Шымқаланың арулары асқан басымдықпен жеңіске жеткенін мақтанышпен айта аламыз. Құрама команданың бас бапкері Дидар Ұланқызы қыздарымызды екінші жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көтеріп отыр.
Яғни, “Шымкент” командасы ел чемпионы атанса, II-орынға Жамбыл облысының “Тараз” командасы қол жеткізді. ІІІ -орыннан алаң иелері Орал қаласының “Грация-КZ” командасы көрінді.
Шымкенттік волейболшы қыздардың алтын медалі құтты болсын! Ендігі мақсат Ұлттық лигада қаламыздың намысын лайықты қорғау. Осы команданы жеңістің биік тұғырына алып шыққан “Шымкент ойын түрлерінен спорт клубының” бапкерлеріне сәттілік тілейміз!
Жалпы қаламызда «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы да волейболды да дамытып отыр.
Аудан бойынша көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру 2025 жылы толық аяқталады.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып тұрғындар пайдалануына берілді.
2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады.
2024 жылдан бастап бұрыңғы 7-8 жыл қолданыста болған және ескірген 101 аулаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, элементтерін жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағында:
- Аумақты көгалдандыру;
- Тротуарларды жайластыру;
- Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
- Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
- Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
- Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
- Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
- Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.