ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ АУЫЗСУ БЕРІЛЕДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ АУЫЗСУ БЕРІЛЕДІ

Бүгінде аудан аумағына жаңадан қосылған Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас елдімекендеріне су құбырлары тартылуда. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «Исфиджаб» тұрғын алабын ауызсумен қамтитын компания анықталуда.
Есептік кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарын инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы ауқымды жобалармен таныстырды. Ауданның ауызсумен қамтылу көрсеткіші қазір 94 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін сапалы ауыз су мәселесі толық шешімін табады.
Сондай-ақ қазір Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе, Оңтүстік шағынаудандарын табиғи газбен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Газдандыру жұмыстары 2025 жылдың соңында толық аяқталады.
Былтыр аудан аумағындағы 9 елдімекендегі 2 мыңнан аса абонентке электр желісі тартылды. Қазір Қарабастау Жаңақұрылыс, Исфиджаб шағынаудандарын сапалы жарыққа қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда қаладағы 81 елдімекеннің 78-іне ауыз су үздіксіз берілуде. Бүгінде Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші жаңа құрылыс аудандарына су құбырлары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жетізеді. Қала халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші биыл 98,5% - дан 100% - ға дейін артады.
Алдағы уақытта ауызсу құбырын тарту жұмыстары Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, Еңбекші ауданында жыл басынан бері 35 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылды. Одан бөлек жеке секторларда балалар ойын алаңшасы, көше тренажеры және воркаут алаңдарының құрылысы жүріп жатыр.
Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу елді мекенінде су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді мемлекеттік ауыз су құбырына қосу, яғни абоненттеу жүргізілуде.
Аталған аумақ бойынша 13,5 шақырым су құбыры тартылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ