Биыл Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 201,7 шақырымды құрайтын 253 көше орташа жөндеуден өтеді. Олардың 24-і магистралды көшелер. Сонымен қатар жыл соңына дейін 140,6 шақырым жолда құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Осылайша қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында ірі құрылыс жобалары жүзеге асырылуда.
Биыл Д.Қонаев даңғылы жалғасының 2-ші және 5-ші кезеңдері, А-2 айналма жолының 2-ші және 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы, Адырбеков көшесін қайта құру және Бәйдібек би-Арғынбеков көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысы аяқталады.
Жалпы, бүгінде мегаполис аумағына кіретін жолдардың ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде 2 066,1 шақырымы асфальттелген, қалғаны шағал тас төселген жолдар.
Қаланың кешенді даму жоспарына сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы;
2. Тәуке хан көшесі (Сайрам көшесінен “Корпарация Береке” ЖШС базасы маңындағы айналма жолға дейін);
3. Қазыбек би көшесі;
4. Желтоқсан көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қонаев даңғылына дейін);
5. Назарбеков көшесі;
6. Аймауытов көшесі;
7. Көшеров көшесі;
8. Тыныбаев көшесі;
9. Қабанбай батыр көшесі (Ордабасы алаңынан ТЖ вокзалына дейін);
10. Анаров көшесі (ТЖ вокзалынан Жансүгіров көшесіне дейін);
11. Жансүгіров көшесі;
12. Абай даңғылы;
13. Исмайлов көшесі (Рашидов көшесінен Қорғасын айналмасына дейін);
14. Алпысбаев көшесі;
15. Еділбаев көшесі Ақжайық ш/а;
16. Пазиков көшесі Шапағат ш/а;
17. Измир көшесі;
18. Шанин көшесі;
19. Байтіленов көшесі;
20. Үркімбаев көшесі;
21.Орынбаев көшесі.
Жалпы ұзындығы 351 шақырымды құрайтын 187 жолдың құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілді.