Қаланың аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіру, сондай-ақ кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осыған байланысты Абай ауданы А-2 тас жолының бойындағы заңсыз сауда нысандарына кезекті мониторинг жұмысы ұйымдастырылды.
Зерделеу жұмыстары барысында Абай ауданына қарасты аталған көше бойында нысаналы мақсатын дұрыс пайдаланбай, ретсіздікке жол берген 67 кәсіпкерлік орны анықталды.
Бұл көше стратегиялық маңызы бар аумақ. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат - қаланың көркін бұзған заңсыз сауда нысандарының иелеріне ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді.
Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді.
2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді.
Шымкентте жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайызды құрайды. 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінде 163 мыңнан аса адам жұмыс істейді.
2025 жылға дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 100 мың бірлікке дейін, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ол үшін осы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында бөлінетін қаржыны 2 есеге ұлғайтып, 6,9 млрд.теңге бағытталды. 2025 жылға қарай бағдарлама шеңберінде бөлінетін қаражат көлемін 25 млрд. теңгеге дейін ұлғайту мақсат етілген.