БІЛІМ ОРДАСЫ - 100 ЖАСТА (2)

БІЛІМ ОРДАСЫ - 100 ЖАСТА (2)

Шымкент қаласы білім басқармасы, Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде және ЕҚЫҰ ОБСЕ аз ұлттар ісі жөніндегі жоғары комиссарының қолдауымен 2023 жылдың 28-29 сәуір күндері Ю.Сареми атындағы №107 мектеп – лицейінің 100 жылдың мерейтойына орай «Көптілді білім беру: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында Халықаралық ғылыми – практикалық конференция болып өтті.
Пленарлық отырыстың 3 –сессиясында қонақтар тарапынан баяндамалар тыңдалды. Қазақстан Республикасы Алматы қаласы КИМЕП университетінің профессоры Ж.Смагулова, Қазақстан педагогикалық ғылымдарының академигі М.Юнусова, Шымкент қаласы бойынша "Кәсіби даму институты" филиалы директорының инновациялық бөлімі жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтар Ахтаев, Алматы қаласы ұйғыр тілінде оқытылатын А.Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директоры Ш.Умаров, ҚР Мақтарал ауданы тәжік тілінде оқытылатын С.Айний атындағы №55 мектеп директоры, ҚР тәжік этномәдени орталығының төрағасының орынбасары Ш.Бабаев, ҚР EduStream компаниясының әдіскері, эксперт – оқытушысы, ТКТ сертификатының жүлдегері Э.Байменова, Өзбекістан Республикасы Андижан мемлекеттік университеті өзбек тілі мен әдібиеті кафедрасының профессоры М.Тажибаева, ҚР EduStream компаниясының әдіскері, гуманитар пәндерінің магистры, ТКТ сертификатының жүлдегері А.Нұрсеит, Түркістан облысы маслихатының депутаты, Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Б.Нишонкуловтар жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптасуында көптілді білім берудің рөлі бағытында «Көптілді білім берудің жетістіктері, даму жолдары» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды.
Конференцияның екінші бөлімінде мектептің тәжірибелі ұстаздары тарапынан 12 ашық сабақ, 9 «Шебер сынып», 8 «сыныптан тыс іс-шаралар», конференцияның қорытынды бөлімінде өткізілген «Бірлігі жарасқан елміз» тақырыбындағы концерттік бағдарлама барлық конференция қонақтарының көңілінен шығып, жоғары бағаланды.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жоғары деңгейде өткізілуіне үлес қосқан барлық ұстаздар Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева, Әдістемелік орталық директоры М.Медетбекова, Оқу – салалық орталық директоры Г.Ахметбекова, ПШО – ның Шымкент қаласы филиалының директоры Ж.Калгинбаева, Шымкент қаласы маслихаты Б.Нарымбетов, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі Р.Мүлкеманов және тағы басқа құрметті азаматтардың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Ғылыми-практикалық конференцияның 2-күні – 29.04 – мектептің дамуына, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуында үлес қосқан, бүгінгі күнде өмірден озған ұстаздарды еске алу, жас ұрпақтың ұстазға құрмет, рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында құрылғын «Ескерткіш самалжайының» ашылу салтанаты өтті.
Ю.Сареми атындағы N107 мектеп-лицей әкімшілігі мектептің 100 жылдық мерейтойына орай «Көптілді білім беру: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілуіне өз үлесін қосқан Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.Тажиеваға, Әдістемелік орталық директоры М.Медетбековаға, әдістемелік орталық әдіскері Н.Корганбаеваға, ЕҚЫҰ ОБСЕ эсперті А.Стояноваға, ЕҚЫҰ ОБСЕ менеджері Г.Саироваларға өз ризашылығын білдіреді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ