ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ!

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ!

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында «Жеңіс күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласындағы ҰОС қатысқан ардагер – Мұратәлі Төлепбергенұлына ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы және қалалық мәслихат төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, AMANAT фракциясының жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы және партияластар мен «Жастар Рухы» Жастар Қанатының белсенділері ардагер атамызды құттықтады.
Майдангер 1925 жылы 20 мамырда дүниеге келген. 1943 жылы соғысқа аттанып, Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенбург, Перлеберг қалаларының шайқасына қатысқан. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін: ІІ–ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны женгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. Германияның Биттенберг қаласында жауынгерлік жолы жеңіспен аяқталған майдангер елге 1950 жылы оралды. Сол жылдан бастап Түлкібас МТС тракторлық бригадасының бригадирі, 1958–1959 жылдар аралығында Калинин колхозында бухгалтер, 1959–1965 жылдары Калинин колхозы фермасының менгерушісі болған.
Қазіргі таңда 2 ұл 6 қыз өсіріп, 19 немере, 10 шөбере сүйіп отырған ардақты соғыс және еңбек ардагері баласымен бірге тұрады.
Ардагер қан майдандағы басынан өткен қиын сәттерді есе алып, жастарға әсерлі әңгімесін айтып берді. Филиал төрағасы Б.Нарымбетов: «Шымкент қаласында бүгінгі күнде ҰОС үш ардагері бар. Сіздердің ерліктеріңіз мәңгілік есімізде сақталады. Сізге ұзақ ғұмыр, еткен еңбектің жемісі бейбітшілік туы мәңгі болсын», - деп тілек білдірді.
Құрметтi ардагерлер, Сіздерге туған өлкемiздiң игiлiгi үшiн атқарған адал еңбектерiңiз, даналық өмiрлерiңiз және белсендi азаматтық ұстанымдарыңыз үшiн мың да бiр алғыс. Себебi бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл қадамдап келе жатқан Тәуелсіз Қазақстанның iргетасы сiздермен қаланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ