Бүгін 2023 жылғы 26 сәуір күні Шымкент қаласында «Елбасы Медалі» жобасының алтын, күміс, қола медаль жүлдегерлері марапатталды. «Елбасы Медалі» жобасы жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған жоба. Бүгінгі марапаттау рәсімге «Дарын» орталығының директоры Джеренова Раушан Омарханқызы, А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия директоры Аманкулова Анар Сагинбековна, №14 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Байбосынова Гаухар Смановна қатысты. Қатысушылар жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылданып, өнерге бет бұрды, төл мұраны дәріптеді. Сонымен қатар олар қайырымдылық жасап, кітап оқу арқылы өздерін дамытты. Ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама жас буынды жан-жақты дамытуды көздейді. Республика бойынша осы жобаға 20 мыңнан астам жастар қатысса, Шымкент қаласынан 1600 жас талант бағын сынады. Бүгінгі жиында 39 алтын, 70 күміс және 559 қола медаль жүлдегері марапатталды. Барлық қатысушыларды марапаттарымен құттықтаймыз.
Сонымен қатар Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы "САПАЛЫ БІЛІМ" жобасы аясында Ж.Баласағұн атындағы №6 ЖОББМ базасында 2023 жылдың 26 сәуірінде "Функционалдық сауаттылықты арттыру - жаһандық құзіреттіліктің басты негізі” тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.
Үйренер нәрсең - “Білім мен мейірімділік”
Барлық істің басшысы - “Білім мен ұғым” (Жүсіп Баласағұн)
Семинардың ашылуында мектеп директоры Омарова Г.С “Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - оқушылардың өмірлік дағдысын дамытудың басты шарты” тақырыбында баяндама жасап, мұғалімдерге өз іс - тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында әдістемелік орталық қоғамдық - гуманитарлық бөлім басшысы Арысбаева Жарқынай Әсетуллаевна, әдістемелік орталығының орыс тілі мен әдебиеті әдіскері Сыздыкова Гульмира Нурсеитовна қорытындылап, қатысқан барлық мұғалімдерге алғыс білдірді.