Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №19 “Қызғалдақ” бөбекжай-бақшасында Тоғызқұмалақ Федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаевтың жетекшілігімен педагогтерге арналған “Бестемше” - зияткерлік ойыны” тақырыбында шебер-сынып өтті. Балабақша 2022 жылдан бастап “Бестемше” үстел үсті ойынын тәрбиеленушілер арасында іс-тәжірибеде қолданып келеді. 2023 жылдан бала, педагогтер мен ата-аналар арасында ойын түрін “Кілемше бестемше”, “Ауладағы бестемше” ойыны арқылы кеңінен қолдануды қолға алу, М.Шотаевтың идеялары мен ұсыныстары арқылы зияткерлік ойынды жетілдіру мақсатында шебер-сынып ұжымға ерекше серпіліс берді. Ұлттық спорт түрі - Бестемше ойыны арқылы балалардың зияткерлік қабілетін дамыту, тарихқа құрметпен қарауға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін берік қалыптастырған азаматты тәрбиелеу - бүгінгі салауатты қоғамның басты ұстанатын қағидасының бірі болуы керек деген ой түйгендігі шебер-сынып барысында қатысушылардың жүздерінен байқалды. Көптеген елдер бестемшені бала тәрбиесінің математикалық қабілетін арттырудың озық үлгісі ретінде дамытуда. Бестемше ойынында ұсақ шарларды ұстау кезінде қол қозғалысы арқылы ми және жүйке талшықтарына әсер етеді. Бестемше ойынын қолдану - тәрбиеленушілердің ақыл-ой белсенділігінің дамуы, бәсекеге қабілеттілікке бейімделуі, имидждің қалыптасуы, ата-аналармен серіктестік қарым-қатынасқа қол жеткізу арқылы жүзеге асады. Тәрбие ісін жандандыру мәселелерінің оң шешімін табуға мол мүмкіндік беретіндігіне тәжірибе барысында көз жеткізілді.
"Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.
Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.