КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Утебаева Жанат Өмірсейітқызының жеке қоғамдық қабылдауы өтті.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен қабылдауда азаматтар тұрғын үй мəселесі, кезегінің жылжымауы бойынша өтініштер қаралды.
Бірқатар азаматтарға түрлі әлеуметтік төлемдер мен қызметтер бойынша түсініктемелер берілді.
Азаматтарды тыңдаған басқарма басшысы тұрғындардың өтініштері бойынша заң аясында кеңес берді.
«Қоғамдық бақылау туралы» және оған ілеспе заң жобасы жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі баяндама жасады. Ведомство басшысының айтуынша, құжатты талқылау бойынша сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің, Парламент депутаттарының қатысуымен 30-дан астам іс-шара өткізілген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтығы және қоғамдық бақылау механизмдерін дамытуға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Бұл бағытта бірқатар реформа жүзеге асып жатыр. Мәселен, қоғамдық кеңестерге көптеген уәкілеттіктер берілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген заң жобалары да осы істің жалғасы іспетті.
«Бұл заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ұжымдық еңбегі екенін ерекше атап өткім келеді. Оған мүдделі тараптың бәрі, соның ішінде, сарапшылар, заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері енді. Заң жобасы бойынша мынадай тәсілдер ұсынылады. Бірінші, заң жобасында қоғамдық бақылау ұғымы айқындалды. Қоғамдық бақылау объектісі дегеніміз мыналар: жергілікті мемлекеттік және орталық органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар. Қоғамдық бақылау субъектілері – ел азаматтары, Қазақстанда тіркелген коммерциялық емес ұйымдар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

15 мая, в День семьи, Шымкент подарил горожанам событие, которое может перерасти в добрую традицию. В живописном дендрарии им. Асанбая Аскарова...

Достық үйінде қаланы дамытуға арналған Бас жоспар жобасына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Қатысушылардың басты назарында...

В Карагандинском Доме дружбы состоялись общественные слушания по проекту корректировки Генерального плана развития города. Основное внимание...

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи...