ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ӨТТІ

ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ӨТТІ

Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін ортаға салып, оны оң шешуге ат салысуды сұрады. Халық қалаулысы азаматтарға тұрғын үй, жер мәселесі, дəрі-дəрмекпен көмек көрсету тақырыптары бойынша сұрақтарына түсіндірме беріп, әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға көмек көрсету мүмкіндігін қарастырды.
«Қоғамдық бақылау туралы» және оған ілеспе заң жобасы жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі баяндама жасады. Ведомство басшысының айтуынша, құжатты талқылау бойынша сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің, Парламент депутаттарының қатысуымен 30-дан астам іс-шара өткізілген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтығы және қоғамдық бақылау механизмдерін дамытуға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Бұл бағытта бірқатар реформа жүзеге асып жатыр. Мәселен, қоғамдық кеңестерге көптеген уәкілеттіктер берілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген заң жобалары да осы істің жалғасы іспетті.
Мәселен, аудандық деңгейдегі әкімдіктерде халқы 50 мыңнан асатын болса, 2,5 мың дауыс жинауға тиіс. Қалғандары үшін халық санының кемінде 5 пайыз болуы керек. Аудандық деңгейдегі мәслихаттарда халқы 50 мыңнан асса, 5 мың дауыс, қалғандары үшін халық санының кемінде 10 пайызы петицияға қол қоюы қажет.
Облыстық деңгейдегі әкімдіктер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тұрғындарының 1 пайыз, мәслихаттар тұрғындардың кемінде 2 пайыз дауысын жинаған петицияны міндетті түрде қарайды. Ал республикалық деңгейде (Үкімет) қаралуы үшін кемінде 50 мың дауыс жиналуға тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ