Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №49 жалпы орта мектепте «Ер-елінің қорғаны» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты - жастарды ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттеріне дәріптеу.
Кездесуге Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлері Махамбетов Абдумалик, Дехканбаев Абдусамат және «Жани» қоғамдық қорының директоры Асан Жазира Тілеубергенқызы қатысып, жастарды елін, жерін сүюге, Отанды құрметтеуге шақырды.
Сондай-ақ, «Жани» қоғамдық қорының директоры «Қазіргі бейбіт күннің батыры – ерікті жастар екенін» жеткізіп, жастарды бос уақытын тиімді пайдаланып, ерікті болуға шақырды.
Еліміздің қорғаны - ер азаматтар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.
Отан қорғаушы күні — Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Мемлекеттік демалыс күні болып аталады.
1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді.
Сіздерді шын ниетпен, ықыласпен және құрметпен ұлы Жеңіс Күнімен құттықтаймыз! Батырларымызды жарқын естеліктермен еске ала отырып, осы ашық аспанымыз бен соғыс қасіретінсіз, қорқынышсыз бейбіт өмір сүру құқығына ие болғанымыз үшін шексіз алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз. Бұл мерекеде, ең алдымен, бейбітшілік тілейгіміз келеді. Ешбір ұрпақ қайғы-қасіретті, жоғалтуды, жаудың зұлымдығын көрмесін. Мейірімділік, батырлық және батылдық сияқты қасиеттер адамдарды шабыттандыра отырып, мереке барлық жандардың жүрегінде тек бақыт пен шаттықты орнатсын! Әрдайым аспанымыз ашық, жарқын күн шуағы мол болсын! Жеңіс күнінде денсаулық, қуаныш пен бақыт тілейміз. Әрдайым барлық жерде жеңіске жете отырып, айналаңызда тек мейірімді және шынайы адамдар көп болсын!