ӘДІСТЕМЕЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ДА ЖАСТАРҒА БЕРЕРІ КӨП

ӘДІСТЕМЕЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ДА ЖАСТАРҒА БЕРЕРІ КӨП

Бүгінгі таңда жастар арасындағы оқу, еңбек іс-әрекетінде кезігетін түрлі келеңсіз жағдайлар - сәтсіздікке бойы алдыру, ерік-жігердің жетіспеушіліген туындап жатады.
Ондай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында, бүгінде Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары тұрақты түрде қала жастарымен жүздесіп, түрлі түсіндірме жұмыстары мен семинар-тренингтер жүргізуде. Сондай бағыттағы тренингтердің бірі - «Жүрекпен көретін жандар» тақырыбында Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Ерекше білім қажеттілігі бар» жастарының қатысуымен өтті.
Мақсаты - жастар мен жасөспірімдердің арасында психологиялық көмек көрсету арқылы жастардың бойына өзінің мүмкіндігіне деген сенімділікті қалыптастыру.
Тренинг барысында жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кері байланыс орнатылды. Сонымен қатар, тренинг кезеңінде адам бойындағы қарым-қатынастағы дағдылардың жеткіліксіз болуы, адамдармен тіл табыса алмауы және тұйықтық сынды мәселелерден арылу бағытында «Өрмекші торы», «Стакандағы жіпті жылжыту», «Шармен қимыл жасау» және «Өз портретім» әдісітері қолданылды.
2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.
Атап айтқанда.
1.Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
3. Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп.
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.
6. Достық ш.а 2000 орындық мектеп салу.
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу.
9. Шымкент Сити ш.а 2000 орындық мектеп.
10. Қайнарбұлақ ш/а Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ