Бүгін Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының екі мәрте батыры атанған Талғат Бигелдиновтің туғанына – 101 жылдығына орай, «Отан үшін от кешкен» тақырыбында көркем сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты – жастарды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүректі болуға баулау. Сондай-ақ, елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Кездесуге Қорғаныс қарулы күштер және Семей ядролық сынақ полигон ардагері Маханбетов Абдумалик, Әл-Фараби кітапханасында көрмелік-бұқаралық іс-шаралар секторының қызметкері Ешімов Тұрсынбай Қайратұлы, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Алтынбай Аймахан Есжанұлы, С.Рахымов атындағы Шымкент Республикалық «Жас ұлан» мектебінің сарбаздары, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің суретшілері және аудан жастары қатысты.
Маханбетов Абдумалик атамыз Ұлы Отан соғысы майдангерлерінін еске алып, Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бегельдиновтің өмірі жайлы тереңінен сөз етіліп, соғыс жылдарындағы ерліктерін жеткізді.
Соғыс кезіндегі батырлардың суретінен көркем сурет көрмесі ұйымдастырылып, онда батыр, даңқты майдангерлердің суреттері салынды. Сонымен қатар, «Жас Ұлан» тобының сарбаздары әскери өнерлерін көрсетіп, көптің қошеметіне бөленді.
Еліміздің қорғаны - ер азаматтар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.