7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ерлік даңқы өшпейді» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Мақсаты – жастарды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Сондай-ақ, елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.
Мерекелік кешке «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы орынбасары Орынбеков Заманбек Оралбекұлы, Ауған соғысы ардагерлері Меңдібаев Сүндет, Ходжиев Раушан және аудан жастары мен тұрғындары қатысты.
- Бізге тәуелсіздік күні оңай келген жоқ. Ол жолда қаншама батыр ата-апаларымыз өз өмірін қиды. Ендігі кезекте бұл бейбіт күнді сақтап қалу, біз бен сізге парыз. Баршаларыңызды 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!, - деді Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманбек Орынбеков.
Мерекелік кеште аудан өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, бейбіт күн сыйлаған батыр ата-апаларымызға алғасын білдірді. Сондай-ақ кеште соғыс кезіндегі қилы сәттерден көрініс табатын поэзиядан сыр шертілді.
Сондай-ақ, 9 мамырда ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның аумағында жыл сайын бүкілхалықтық мереке – Жеңіс күні атап өтіледі
Жеңіс күні - жыл сайын тоғызыншы мамырда тойланатын мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері көптеген жылдар өтті. Қазіргі ұрпаққа соғыс жылдары қандай болғанын елестету өте қиын. Өйткені, біздің бақытымызға орай, бейбітшілікте туып, соғыстың қасіретін тартпадық.
Біз, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ерліктері туралы еш уақытта ұмытпаймыз. Бұл мереке - тек ардагерлер мен соғыс балалары үшін ғана емес, біз үшін де мереке. Бұл күні біздің жүрегімізде бақыт, қуаныш сезімдері, ең бастысы - мақтаныш сезімдері бар.