ОҚМПУ-ДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ОҚМПУ-ДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» республикалық форумының ашылу салтанаты өтті.
Форум жұмысына еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми өкілдері, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, республикадағы жоғары оқу орындарының әлеуметтік және тәрбие істері бойынша проректорлары, оқу орындарының салалық департамент басшылары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Келелі жиынға келген қонақтар алдымен оқу ордамыздың мақтанышы болған «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің өнерін тамашалап, ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева мен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Әбілхаиыров Серғазы «Ұстазға тағзым» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, ОҚМПУ бас ғимаратында меймандар «Ұлы Дала елі – өркениеттер тоғысында» археологиялық көрмесімен танысып, студенттердің қылқалам және қолөнер туындыларын тамашалады.
Жоғары оқу орындарының алқалы мәжілісінде сөз алған Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Әбілхаиыров Серғазы Кәрімұлы, биік азаматтық мәртебесі бар ұлы тұлғаларды құрметтеуге, олардың есімдерін халық жадында жаңғыртуға арналған елдік жиынның Шымкент қаласында өтуін үлкен мәртебе деп бағалап, халықтың тұғырлы тұлғаларының өмірлік жолы ұлттық тарихи сабақтастықтың үздіксіз дәстүрін жалғайтынын атап өтіп, форум қатысушыларына құттықтауын жеткізді.
Сонымен қатар, форум аясында ұлттық танымның өрісін кеңейтуде бірнеше халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылғанын, университет ғалымдарының бастамасымен ұлттық код тақырыбы бойынша тың мазмұнды ғылыми жобаларды іске асыру қолға алынғанын хабарлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен...

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша экономиканың нақты секторын дамыту шаралары бойынша бірінші көшпелі кеңесті Премьер-министрдің орынбасары –...

Түркістан облысы әкімдігінде жұмыспен қамту мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің...