КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРМЕН ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРМЕН ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы «Мейірімді жүрек» тақырыбында келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу бағытында М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің жастарымен кездесу өтті.
Мақсаты - жастар арасындағы психологиялық сауаттылықты арттыру, ұйымдастырушылық қабілеті мен командамен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Спанова Жаныл Канибеков қатысып, өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту жөнінде сөз етіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері қатысушыларға психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірнеше тәсілдерден тұратын ойындар ұйымдастырды.
Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық әрекеттер жиі кездесіп, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – қиын балалар мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену үрдісі (нормаларды меңгеру) мен делинквенттік мінез-құлық бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа жалпы қабылданған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз
Айта кетейік, 2022 жылдың көрсеткіші бойынша Шымкентте 245 мыңнан аса жастар болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды. «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылды. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап 15 000 астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996 жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен...