ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламаларды насихаттай отыра, жастарды кәсіпкерлікке бағыттайтын жоба аясында «Жас кәсіпкермен сұхбат» айдары өтті.
Айдарымыздың кейіпкері мемлекеттік бағдарлама негізінде өз кәсібін ашып, «Channel» әсемдік салонының негізін қалаған - Юсупбаева Роза Есіркепқызы.
Роза Есіркепқызы – 12 жылда жуық әсемдік салонда жұмыс жасаған. Ол өз кәсібін ашуға ниет етіп, мемлекеттің қолдауына жүгінген. Нәтижесінде өз жеке ісін бастап, бүгінде әсемдік салон иегері атанған.
Шымкентте жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайызды құрайды. 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінде 163 мыңнан аса адам жұмыс істейді.
2025 жылға дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 100 мың бірлікке дейін, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ол үшін осы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында бөлінетін қаржыны 2 есеге ұлғайтып, 6,9 млрд.теңге бағытталды. 2025 жылға қарай бағдарлама шеңберінде бөлінетін қаражат көлемін 25 млрд. теңгеге дейін ұлғайту мақсат етілген.
Ал, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 55 жобаға 816,1 млн. теңге бөлінді. Шағын және орта бизнеске екінші деңгейлі банкттер тарапынан 17,8 млрд.теңге несие берілді.
Айта кетейік, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау, оны кеңейту мақсатында Шымкент қаласы бойынша 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 261 жастарға 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ